Ғылыми бағдарламаның нәтижелері Түркі әлемінің VIII халықаралық туризм конгресінде ұсынылды
28.09.2026
2026 жылғы 25–27 қыркүйек аралығында Түркияның Анкара қаласында Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің базасында Түркі әлемінің VIII халықаралық туризм конгресі (VIII Uluslararası Türk Dünyası Turizm Kongresi) өтті.
Халықаралық ғылыми іс-шара аясында профессор Э.С. Борибай BR24993222 «Тұрақты даму контекстінде Солтүстік Қазақстан облысының аумағын табиғи-шаруашылық тұрғыдан ұйымдастыру бойынша шешімдер қабылдауды қолдау жүйесін құру» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде жүргізілген зерттеу нәтижелерін ұсынды.
«Тұрақты қалалық, табиғи және экологиялық туризм» (Sürdürülebilir Kent, Doğa ve Çevre Turizmi) секциясында Айгерім Асылханова және Қалияш Стамқұловамен бірлесіп дайындалған «Assessment of the Tourist and Recreational Potential of the Imantau-Shalkar Resort Area for Sustainable Ecological Development of Tourism and Recreation» атты ғылыми баяндама ұсынылды.
Зерттеу Солтүстік Қазақстан облысындағы Имантау–Шалқар курорттық аймағының туристік-рекреациялық әлеуетін табиғи, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық факторларды ескере отырып бағалауға арналған. Алынған нәтижелер аумақтың табиғи және туристік ресурстарын ұтымды пайдалануды ғылыми тұрғыдан негіздеуге, экологиялық бағдарланған туризм түрлерін дамытуға және аумақтың тұрақты дамуы саласында шешімдер қабылдаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Бағдарлама нәтижелерін халықаралық ғылыми форумда таныстыру алынған ғылыми нәтижелерді халықаралық ғылыми қоғамдастық өкілдерімен талқылауға, кәсіби байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ тұрақты даму, экологиялық туризм, табиғатты пайдалану және өңірлік жоспарлау салаларындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті.