«Халықаралық журналдардағы жетістік стратегиялары» тренингі

2025 жылғы 5 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) базасында «Тұрақты даму жағдайында Солтүстік Қазақстан облысы аумағының табиғи-экономикалық дамуының шешімдерін қамтамасыз ету жүйесін құру» ДББҰ BR24993222 бағдарламасын іске асыру шеңберінде тренинг өтті.
Тренингтің спикері Ланьчжоу Университетінің ғалымы Цзин Сяопин (Jing Xiaoping) болды.

Тренингке бағдарламаның бағыттары бойынша 9 ғылыми топтың жетекшілері (талдау, су ресурстары, жерді қашықтықтан зондтау және картография, жер ресурстары, агроклиматтық ресурстар, экология, жер қойнауын пайдалану, туризм, аумақты абаттандыру, экономикалық талдау, көлік және коммуникация), сондай-ақ бағдарламаны басқа да орындаушылар қатысты.

Тренингтің тақырыбы: «Халықаралық журналдардағы жетістік стратегиялары».
Модератор: Ермеков Фараби Керімбайұлы - ҚазҰАЗУ Ғылыми-білім беру технологиялық платформасының атқарушы директоры, бағдарламаның жауапты орындаушысы.

Тренингтің мақсаты - зерттеушілердің жариялау белсенділігін арттыру және Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелетін халықаралық ғылыми журналдардағы мақалаларға қойылатын талаптар туралы түсінікті кеңейту.
Тренинг қатысушылардың рейтингтік халықаралық басылымдарда жарияланымдар дайындау саласындағы ғылыми құзыреттерін нығайтуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етті.