Үйлестіру кеңесі

2024 жылдың 17 желтоқсан күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ЖРН BR24993222 «Тұрақты даму жағдайында Солтүстік Қазақстан облысы аумағының табиғи-экономикалық дамуының шешімдерін қамтамасыз ету жүйесін құру» бағдарламасы аясында үйлестіру кеңесі өтті.

Үйлестіру кеңесінің отырысына ҚазҰАЗУ бағдарламасының бағыттары бойынша 12 ғылыми топтың жетекшілері, Ланьчжоу университетінің өкілдері – "Бір белдеу, бір жол" атты зерттеу орталығы директорының орынбасары Руйцзюнь Лонг, Сюэцзянь Ван халықаралық байланыстар департаменті директорының орынбасары, Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар колледжінің ғалымдары – доктор Хайцзян Ян, профессор Цзе Гун, доктор Чжэнбанг Ма, ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулдығының технологиялар және ғылым жөніндегі консулы Чжан Вэй. Бараев атындағы ҰҒХО" ЖШС өкілдері - С.С.Байшоланов, Б.Жұмабек қатысты.

ҚазҰАЗУ Ғылыми-білім беру технологиялық платформасының атқарушы директоры, бағдарламаның жауапты орындаушысы Ермеков Фараби Керімбайұлы үйлестіру кеңесінің модераторы болды.

Жиынды ҚР Президенті жанындағы ҰҒА президенті, ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы - ректоры Күрішбаев Ахылбек Қажығұлұлы ашып, өз сөзінде қытайлық ғылым-білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі өзара қарым-қатынастар жылдар бойы жүзеге асырылып келе жатқанын және бүгінгі жаңа жоба екі университет арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың табиғи жалғасы болып табылатынын атап өтті.

Өз кезегінде ҚХР-дың Алматы қаласындағы технологиялар және ғылым жөніндегі бас консулдығының консулы Чжан Вэй Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың оң динамикасын атап өтіп, ғылымды дамытудың тиімді тетіктерін бірлесіп іздеу және іске асыру және екі ел арасындағы білім беру байланыстарын тереңдету шеңберінде қабылданып жатқан бастамаларға қолдау білдірді.

Ланьчжоу университетінің "Бір белдеу, бір жол" атты зерттеу орталығының директорының орынбасары Лонг Райчжин өз сөзінде жаңа бірлескен жоба екі елдің ғалымдарына бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге және цифрлық технологиялар трансфертін жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Үйлестіру кеңесінде 2024 жылғы «Тұрақты даму жағдайында Солтүстік Қазақстан облысы аумағының табиғи-экономикалық дамуының шешімдерін қамтамасыз ету жүйесін құру» бағдарламасының топ басшыларының есебі тыңдалды. Сондай-ақ, Ланьчжоу университеті өкілдерінің қатысуымен 2025 жылға арналған іс-шаралар тізбесі талқыланды және осы жоба шеңберінде кезекті міндеттерді іске асырудың күнтізбелік жоспары бекітілді.