2025 жылғы 29-30 мамырда өткен семинар

2025 жылғы 29-30 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) базасында BR24993222 "Тұрақты даму жағдайында Солтүстік Қазақстан облысы аумағының табиғи-экономикалық дамуының шешімдерін қамтамасыз ету жүйесін құру" мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында жұмыс семинары өтті.

Семинарға ҚазҰАЗУ бағдарламасының бағыттары бойынша 7 ғылыми топтың басшылары (талдау тобы, жер ресурстары, еңбек ресурстары, экология, жер қойнауын пайдалану, туризм тобы, аумақты жайластыру, экономикалық талдау, еріген сулар, жерді қашықтықтан зондтау және картография топтары және басқа да орындаушылар), Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) өкілдері — Адамбек Нұржан, Біржан Евниев, Сәулет Сәкенов, Алексей Моргунов, Александр Голубцов, Джош Бран (онлайн), Олег Хмелев (онлайн), сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері — Бейбут Исманов пен Айгерим Айтжанова қатысты.

Семинар модераторы - Ермеков Фараби Керімбайұлы, ҚазҰАЗУ Ғылыми-білім беру технологиялық платформасының атқарушы директоры, бағдарламаның жауапты орындаушысы. Өзінің кіріспе сөзінде ол БҰҰДБ мен ҚазҰАЗУ арасындағы ынтымақтастықтың мақсаты - тұрақты өңірлік даму мүддесінде ландшафтық тәсілді қолдана отырып, Солтүстік Қазақстан облысында жер пайдалануды кешенді жоспарлау.болып табылатынын атап өтті.

Семинар аясында БҰҰДБ-ның ағымдағы жобалары мен бастамаларының, сондай-ақ аталған бағдарламаны іске асыру шеңберінде ҚазҰАЗУ-дың ғылыми бағыттарының презентациялары ұсынылды. Шешімдерді БҰҰДБ жобаларының жұмысына интеграциялау мүмкіндіктері және БҰҰДБ мен ҚазҰАЗУ арасындағы өзара әрекеттесу жол картасы бойынша бірлескен жұмыс талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша тараптар БҰҰДБ мен ҚазҰАЗУ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.